Жұмысқа орналасарда қандай ережелерді білу керек?

Мақтанып айтар ештеңеңіз болмаса да, жұмыс берушіні қызықтырудың бірнеше тәсілдері бар. Сұхбат алдында мына кеңестерге жүгінуіңізге болады.

Жағдайды бақылап алыңыз

Байланыс екі тараптан орнатылады. Барлығы сіздің өзіңізді қалай таныстырғаныңызға емес, серіктесіңізді жақынырақ біліп алуыңызға байланысты болады.

Егер өз ісінің маманымен сұхбаттатасар болсаңыз, бірінші кездесуде бір-біріңізге қараумен боласыздар. Егер бір-біріне мүлде сай келмейтін типтегі адамдар болсаңыздар, мұның да бір жақсы тұсы бар екенін ұмытпаңыз: сіз мұны бірден анықтап алдыңыз және уақыт оздырмай екінші жұмыс берушіні іздейтін боласыз.

Түйіндемеңізді таныстырғаннан гөрі, білуіңіз керек болған жайттарға қатысты сұрақтар қойыңыз. Ол үшін алдын-ала Сізге не нәрсенің маңызды екенін анықтап барыңыз. Компанияның жобаларына, саясатына қызығушылық танытыңыз. Алғашында мұндай қарым-қатынас ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Алайда бұл жағдайды оң бағытқа беттетеді.

Шынайы қызығушылық танытыңыз

«Иә», «жоқ» деген жауаптарға әкелетін сұрақтардан аулақ болыңыз. Яки «мына компанияда үш жыл жұмыс істедім» деген тәрізді әңгімелерден барынша қашық болуға тырысыңыз. Сізге жұмыс берушінің есінде қалатындай әңгіме құра білу қажет.

Ескеріңіз, әр адам, тіпті дәрежесі жоғары тұлға да өзін тыңдатып, айтқандарын ұғындыра білгенді қалайды. Өкінішке орай, көпшілігіміз айтушының сөзін жауап беру үшін немесе ойымыздағыны жеткізу үшін тыңдаймыз. Мұндай ішкі тілекті уақытша тұншықтыра тұрып, жай ғана тыңдап, айтқандарын түсінуге тырысыңыз.

Естігендеріңізді басқа сөздермен жеткізіп, жаңа сұрақтар қойыңыз

Жұмыс берушімен сұхбаттасуға келгеніңізден-ақ ол өзіңіз жайлы айтатындығын іштей біліп отырады. Алайда ол өзіңізге назар аудартуды қаламай, тыңдап отырғаныңызды көрсе, Сіз қалаған дүниені ықыласпен түсіндіретін болады.

Серіктесіңізге алдын-ала ұсыныстар дайындаңыз

Еш жерде жұмыс істеп көрмесеңіз де, ұсыныстарыңыз міндетті түрде болады. Оны ішкі қорқынышыңызды жеңу арқылы шығарыңыз. Сіздің болашақ бастығыңызды қызықтыратын сауал — Сіз оның компаниясына қаншалықты пайдалы қызметкер бола аласыз? Міне, сол себепті де маманмен бірден еңбекақы, жұмыс шарттары жайлы сөз қозғамаңыз.

Жұмыс беруші Сізді өз командасына қосқысы келгеннен кейін ғана, еңбекақы, шарттары жайлы сұрасаңыз болады. Бірақ алдымен өз ұсыныстарыңыз жайлы дұрыстап жоспарлап алыңыз.

Асықпаңыз

Сізді қызықтырған адаммен байланыс орнатып, кездескеннен кейін бірден болашақта қандай қарым-қатынаста болатындығыңызды айтып, жоспарламаңыз. Бастысы, Сіз осы орында және дәл қазір ұнай білуіңіз керек. Қалғаны болашақта орындалуы қажет.

Мықты әрі әлсіз тұстарыңызды бірден көрсетпеңіз

Жұмыс берушінің көңілінен шығу мақсатында бірден жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге асықпаңыз. Серіктесіңіз ойша Сізді өзімен салыстырып шығады. Осы салыстыру кезінде ол өзінің Сізден қарағанда әлсіз екенін сезінгісі келмейтіндігін ұмытпаңыз.

Бірден өзіңіздің әлсіз екендігіңізді де білдірмеңіз. Алайда өзіңіздің қандай қабілеттеріңізді арттырып, не нәрсені үйренгіңіз келетінін жасырмай айтқаныңыз жөн.

Әлсіздігіңізді мойындау арқылы өзіңізді серіктесіңізге тәуелді етіп қоятындығыңызды ескеріңіз.

Көз тартып, көңіл көншітерлік түйіндемеңіз болмаса да, уайымдамаңыз. Жұмысқа деген құлшынысыңыз бәрінен де маңызды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да