Боран, бұрқасын, тұман: синоптиктер дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман күтіледі. Орал қ.: 11 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 11 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 25-27 градус күтіледі.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 11 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ: 11 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және тәңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с болады. Петропавл қ.: 11 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 11 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Атырау қ.: 11 желтоқсанда күндіз көктайғақ, тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 11 желтоқсанда кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с, күннің екінші жартысында екпіні 23 м/с болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да