«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашын сақталатынын хабарлады.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады, — делінген хабарламада.
Ал 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.
