Қазақстанның 12 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады.
Түнде және таңертең батыста, Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Күндіз солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығыста, облыс орталығында тұман түседі.
