Алматыда Жансүгіров көшесі уақытша жабылады

Жансүгіров көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 8 қазан сағат 23:00-ден 10 қазан сағат 11:00-ге дейін Ақпаев көшесінен Крамской көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл бөлікті Рысқұлов және Сейфуллин даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.

9 қазан сағат 23:00-ден 11 қазан сағат 11:00-ге дейін Крамской көшесінен Тихов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин көшесі арқылы жүруге болады.

10 қазан сағат 23:00-ден 12 қазан сағат 11:00-ге дейін Тихов көшесінен Котельников көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Рудаки көшесі арқылы айналып өтуге болады.

11 қазан сағат 23:00-ден 13 қазан сағат 11:00-ге дейін Котельников көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин, Котельников көшелері арқылы айналып өтуге болады.