Доллар 479-483 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479-483 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге. Еуро – 535,36.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 482,7 теңге. Еуро 534 – 538,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 483 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17–5,27 аралығында саудаланып жатыр.