Бүгін кей өңірде найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында кей уақытта тұман болады.

Елдің барлық дерлік өңіріне төтенше өрт қаупі бар.