Елімізде алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, деп болжайды синоптиктер.

13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында күндіз +35+38°C қатты ыстық күтіледі, термометр +18+26°C-тан +22+33°C-қа дейін ауытқиды, — делінген хабарламада.