Елімізде балаларды мектепке қабылдау жалғасып жатыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.
Бірінші класқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Бүгінде 1-класқа 336 000-нан астам оқушы қабылданды.
