Испаниялық стартап Glovo Қазақстандағы бес жылдық мерейтойын атап өтті. Сервис 2019 жылы іске қосылған. Сервис пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан, әсерлі өсу жолынан өтті. 2024 жылы ғана Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 25 миллион еуро болған.
2024 жылғы шілдедегі жағдай бойынша, Glovo 3500 серіктеспен және ай сайын 3000 белсенді курьермен жұмыс істген. Бұл қызметтің серпінді өсуін және сұранысы бар екенін көрсетеді.

Сервис кейінгі бес жыл ішінде Қазақстандағы электрон коммерцияның дамуына айтарлықтай үлес қосты, оның экономикалық әсері 163 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл сома платформа арқылы тікелей сатылымдарды және серіктестердің жанама кірістерін қамтиды. Стартап арқасында 6000 жұмыс орны ашылған, ал серіктестер экожүйесінің арқасында ел экономикасына жыл сайынғы салық түсімдері 29 миллион еуроға жеткен.
Қазіргі уақытта Glovo қызметі Қазақстанның 16 қаласында бар. Қызметті 10 миллион адам қолданад, бұл — қаладағы халқтың 80%-і. Платформамен жұмыс істейтін 3500 серіктестің 90%-і — шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері. Glovo ШОБ сатылымдарын 26%-ке ұлғайтуға белсенді ықпал етеді, Инфрақұрылымды кеңейтудің қажеті жоқ цифрлық сату арналарымен қарапайым қосылуды ұсынады, бұл айналымның 25%-ке өсуіне әкеледі.
