Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады

Астанада теміржол вокзалынан «Жағалау» тұрғын үй кешеніне дейін қатынайтын жаңа автобус бағдары іске қосылады.

Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Жаңа бағдар 63-ші нөмірмен жолға шығады. Автобустар теміржол вокзалынан «Жағалау» тұрғын үй кешеніне (Ә. Бөкейхан ат. Binom мектебі) қатынаайды. Сол екі арада Агротехникалық және медициналық университеттер, «Керуен сити» ойын-сауық орталығы, Астаналық базар, «Тұлпар» сауда үйі, «Шапағат», «Әсем» және «Сарыарқа» сауда үйлері арқылы өтеді.

Жаңа бағдарға 10 автобус шығарылады. Олар 10-15 минут сайын жүреді. Қозғалыс сызбасын бағдарды іске қосу күніне жақындағанда хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да