Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

15 мамырда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек Алматыда ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.