Доллар 449–454 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449–454 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 20 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 451,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449–454 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 450,1–452,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77–4,89 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да