13-15 наурыз күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
2024 жылғы 13-15 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның күтілуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, — делінген хабарламада.
Осыған орай ведомство тұрғындарды қар басқан беткейлерге шықпауға, мүмкіндік болса тауға бармауға шақырды.
