ТЖМ: Шымкентте 10 көшені су басты

Шымкенттің Тұран ауданында көшелер су астында қалды. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласы Тұран ауданы Қазығұрт шағынауданында мол жауған нөсер жауыннан кейін көшелерді су алып кеткен.  Түскен жауын-шашын көлемі 33,7 мм-ге дейін жеткен.

Осылайша жеке бір тұрғын үйді, 15 ауланы және төрт аудандағы 10 көшені су басқан.

ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 10 техника, 13 мотопомпа оншақты аулада және алты көшеде су сору жұмысын жүргізді. Бас-аяғы 1 700 текше метр су сорып алынған.

Зардап шеккендер жоқ.