Қар, жаңбыр, жел: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.