Доллар мен рубльдің 5 наурызға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 450-455 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452—453,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 450—455 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 5 наурыздағы ресми бағамы — 1 долларға 453,35 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,88—4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,8—4,95 теңгеден сатылып жатыр.