2024 жылғы ораза кестесі: ауыз бекіту және ауызашар уақыты

Биыл елімізде қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен ораза және намаз кестесін ұсынамыз.

Қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді, — делінген хабарламада.

Ал, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6 000 елдімекен) ораза және намаз кестесін muftyat.kz сайтынан мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.