14 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
- Абай облысында – алты учаске,
- Ақмола облысында – екі учаске,
- Ақтөбе облысында – бес учаске,
- Алматы облысында – бір учаске,
- Шығыс Қазақстан облысында – төрт учаске,
- Жамбыл облысында – бір учаске,
- Жетісу облысында– екі учаске,
- Қарағанды облысында – тоғыз учаске,
- Қызылорда облысында – үш учаске,
- Павлодар облысында – бес учаске,
- Солтүстік Қазақстан облысында – бір учаске,
- Түркістан облысында – екі учаске,
- Ұлытау облысында – бір учаске.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1 481 жолшы жұмылдырылған.
