Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
2024 жылғы 6 ақпанда Алматыда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
