Ақша айырбастау орындарында доллар 447-451 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,9–450,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447,5–451,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 30 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 449,98 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,03 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,98–5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,05 теңгеден сатылып жатыр.