Алматыда бүгін таңертең бірінен соң бірі тағы екі жер сілкінісі болды. Бұл жағдайды сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.
Бірінші дүмпу таңғы сағат 09:52 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.5. MPV магнитудасы — 5.2. Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.
Екіншісі де таңғы 10:01 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді. Энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.3. Оны да алматылықтар 2 балл көлемінде сезді.
Еске салайық, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.
Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
Қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың бәрі жұмыс істеп тұрды.
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚСМ) сейсмикалық стансалар желісі таңертең Қырғызстан мен Қытай шекарасында бірқатар жер сілкінісін тіркеді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратментінің басшысы Нұрлан Атығаев түнгі жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді.
Жер сілкінісі салдарынан 23 қаңтар күнгі сағат 03.00-дегі жағдай бойынша сегіз адам зардап шекті.
