Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
Жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында – екі учаске
- «Екатеринбург-Алматы» 1 292-1 353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек.– 61 км.
- «Көкшетау-Омск» 14-50 км, Көкшетау қ.- СҚО обл. шек. – 36км.
Жетісу облысында – бір учаске
1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. – 100 км.
Қарағанды облысында – бес учаске
- «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.-Новостройка а. – 16 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1 353-1 426 км, Ақмола обл. шек.–Теміртау ААП – 73 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1 426-1 446 км, Теміртау ААП-Теміртау қ. – 20 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1 505-1 854 км, Новостройка а.-Балқаш қ. – 349км.
- «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ.-Павлодар обл. шек. – 165км.
Қостанай облысында – бір учаске
- «Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 82км.
Павлодар облысында – бір учаске
- «Қызылорда-Павлодар» 1 135-1 258 км, Қарағанды обл. шек.-Екібастұз қ.– 123 км.
Солтүстік Қазақстан облысында – екі учаске
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а.-Қиялы а.– 129 км.
- «Көкшетау-Омск» 50-280 км, Ақмола обл. шек.- РФ.шек. – 230км.
Ұлытау облысында – бір учаске
- «Жезқазған-Петропавловск» 137-152 км, Ұлытау а.-Қостанай обл. шек.-15 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 580 бірлік техника және 1 012 жолшы жұмылдырылды.
