5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысында — 1 учаске:
1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ауылынан — Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске:
1.»Өскемен-Шемонайха-РФ шек.» автожолының 105-123 шақырымы, Шемонайха қаласынан — РФ шекарасына дейін -18 км.
Қарағанды облысында — 5 учаске:
1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымы. Ақмола облысының шекарасынан — Теміртау қаласына дейін, 73 км.
2. «Екатеринбург — Алматы» автожолының 1505-1854 шақырымы. Новостройка аауылынан — Балқаш қаласына дейін, 349 км.
3. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 104-266 шақырымы. Нұра қаласынан -Теміртау қаласына дейін, 162 км.
4. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1445-1459 шақырымы. Теміртау қаласынан-Қарағанды қаласына дейін, 14 км.
5. «Бастау-Ақтау-Теміртау» автожолының 0-53 км, Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін, 53 км.
Қостанай облысында — 1 учаске:
1. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-335 шақырымы. Ұлытау облысының шекарасынан — Арқалық қаласына дейін, 83 км.
Ұлытау облысында — 2 учаске:
1. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 64-137 км. Жезді ккентінен Ұлытау ауылына дейін, 73 км.
2. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 137-252 км. Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 115 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылды.
