Судья тәуелсіздігі — деген сенімнің алғышарты

Конституцияның 75-бабына ДЕГЕН СЕНІМНІҢ АЛҒЫШАРТЫ сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ата заң, сонымен бірге, ел Президенті – халық пен билік бірлігінің, Конституция – мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі деп бекіткен.

Яғни, азаматтардың құқығы мен бостандығын, олардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында мамандандырылған соттар құрылып, өз деңгейінде жұмыс жасап жатыр. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік әділет іске асырылды. Осыған орай Қазақстан Республикасы бойынша жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды. Қазір осы соттар жария-құқықтық қатынастарда және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру жолында сот төрелігін жүзеге асыруда.

Соттар материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылды. Жаңа ғимараттар салынды. Соттарды мамандандыру мәселесі бойынша реформа жалғасуда. Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы судьялардың біліктілігін арттырып келеді. Соттардың шешіміне қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Сондай-ақ, сот билігінің әділдігі мен тазалығы мемлекеттің демократиялық дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты судьяларға, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талап та күшейтілген. Алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстық істерді қарау тәртібі енгізіліп, қамауға алу туралы бұлтартпау шаралары прокуратура құзырынан алынып, сотқа берілді.

Судьялардың іс қараған кездегі тәуелсіздігін, сот билігінің беделін әрі қарай жоғарылату мақсатында биыл Жоғарғы сот жанындағы соттар әкімшілігі қайтадан реформаланып, ҚР Сот әкімшілігі құрылды. Сот әкімшілігінің мақсаты – сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау, соттардың жұмысын әрі қарай ұйымдастыру, материалдық-техникалық және басқа да қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады. Судьялар өздерінің қызметінде тек сот төрелігін іске асырады, жұмыс барысында тек Конституция мен заңға ғана бағынышты болады. Сондықтан судьялар тәуелсіздігі сотқа деген сенімнің алғышарты болып табылады.

М.ТАШЕВ
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы