Полицейлер діни әдебиетті заңсыз сату фактісінің жолын кесті

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында діни әдебиеттерді тиісті рұқсатсыз, яғни заңсыз сату фактісін анықтады.

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады. 

Нақтырақ айтсақ полицейлер облыс орталығы базарларының бірінде діни сипаттағы 13 дана кітапты тиісті рұқсатсыз сату дерегін айқындады. Тәркіленген әдебиеттерді Түркістан қаласының Дін істері басқармасына сараптамаға жіберді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармақшасымен «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген хабарламада.