Түркістан облысындағы спартакиада өз мәресіне жетті

Түркістан облысының 5 жыл толуына орай әкімдіктің қолдауымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесіп ұйымдастыруы бойынша өткізілген спартакиада өз мәресіне жетті.

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады. 

«Жастар есірткіге, синтетикалық есірткілерге және нашақорлыққа қарсы» ұранымен ұйымдастырылған жарыс кәмелетке толмаған жастар және облыс тұрғындары арасында өткізілген болатын.

Үш күнге жалғасқан бұл шарада облыс жастары спорттың волейбол, футбол, еркін күрес, қазақша күрес, дзюдо, суға жүзу, таэквандо, жүгіру және т.б түрлерінен бақ сынады. Тартысты ойындардын соң жалпы командалық есеппен Түркістан қаласы 1-орын, Шардара жастары 2- орын, Жетісай құрама командасы 3- орынға ие болды, — делінген хабарламада. 

Сайысқа қатысушыларға алғысын білдірген Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ басшысының м.а полиция полковнигі Аман Бурханов пен Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.Муслимова оларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.