26 қарашадан бастап Алматыда қала маңына қатынайтын №216 нөмірлі жаңа маршрут іске қосылды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.
Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Бағыттағы автобус саны – бес, қозғалыс аралығы – 45 минут.
Еске салайық, Алматы агломерациясын дамыту аясында қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елдімекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін жеті маршрут іске қосылған болатын.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыт ашылады. Олардың есебінен 50 елдімекен тұрақты жолаушылар автобусымен қамтамасыз етіледі.
