Доллар 457–462 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457–462 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,5–462,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 459,5—462,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы — 1 долларға 459,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,22 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,13—5,33 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,12—5,22 теңгеден сатылып жатыр.