Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа маршрут іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

5 қарашадан бастап қала көшелерінде №89 бағыттағы автобус пайда болады. Ол Райымбек батыр станциясынан облыстың Іле ауданындағы Gate City тұрғын үй кешеніне дейін созылады.

Маршрутқа 8 минуттық қозғалыс интервалымен 13 жылжымалы бірлік көлемінде беларусьтік МАЗ-203069 маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар қызмет көрсетеді.

Жалпы, жыл басынан бері 10 қалалық және қала маңындағы жаңа маршруттар ұйымдастырылып, 22 бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылған.

6593b4862d75faa78d07094887f3d8a8 Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады