Доллар 466–470 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 466–470 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466–470 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 466,9–469,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,06 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97–5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5-5,15 теңгеден сатылып жатыр.