Жаңбыр, қар, көктайғақ: 1 қарашада ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1 қарашада ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да