Бүгін бес қалада ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бес қаласындағы ауада зиянды қоспалардың жоғары болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамынша, 2023 жылғы 21 қазанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Балқаш қаласында ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиыны.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.