Елордада бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада бүгіннен бастап бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі.

Жөндеу жұмысына байланысты 17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, — делінген хабарламада.