«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16-18 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде синоптикалық жағдай фронттарға байланысты болады.
Найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын, негізінен жаңбыр мен дымқыл қар жауады деп болжанып отыр.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Еліміздің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура фоны түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 жылы, күндіз 20-28 градус жылы болады.
