Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде 15 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
15 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, орталықта және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылордада, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды ​​облыстарында, Атыраудың солтүстігінде, Алматы облыстарының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Мақалаға реакция