Алматыда бүгінен бастап №38, 38а және №37 маршруттарына 18 метрлік 60 автобус қосылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін жылжымалы автобустардың жетіспеушілігіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Автобустарды жаңарту арқасында қарбалас уақытта жүріс жиілігі алты-жеті минутқа дейін азаяды.
Босатылған автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстырады. Осылайша, №201 маршрутта 24 автобус қызмет көрсетеді. Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін еді, жаңа автобустардың арқасында қозғалыс аралығы жеті минутқа дейін азаяды, — делінген хабарламада
