«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
2023 жылғы 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады.
Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-18 градус болады.
Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.
