Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 31 тамызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461,44 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,83 теңге.

29 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,57 теңгеге төмендеп, 461,52 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462– 466 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 461,5–465,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77–4,97 аралығында саудаланып жатыр.