Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды ұсынды.

Ведомство «Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтың жобасын дайындады.

Бұйрық бойынша, тыйымды алты ай мерзімге енгізу қарастырылған.

Жоба 2023 жылғы 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Заң жобасының орындалуын қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Бұған дейін Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге 2006 жылы тыйым салынған болатын.