Еліміздің үш қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 тамызда еліміздің үш қаласында қолайсыз ауа райы болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбіде Ақтөбеде, Алматыда, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.