Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қыркүйекке дейін дейін ұзартылды.

Бұл туралы Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 7 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстады.

Кейін ҚР бас прокуратурасы Дикий Арманның ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.