«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында шаңды дауыл күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республика бойынша жел күшейеді болжанды, — делінген хабарламада.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-42°С аптап ыстық болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 42°С өте қатты ыстық болады.
Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар деп болжанды.
