Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 17 шілдеге арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 446,48 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445–449 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 445,5–448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,87–5,09 аралығында саудаланып жатыр.