Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 442–447 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442–446, теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 444–447,5 теңге аралығында құбылып тұр. Еліміздің өзге өңірлерінде 445,5-448 теңгеден саудаланып жатыр.
10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,57 теңгеге өсіп, 444,59 теңге болған.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,89 теңге.
