«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады». 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 3 шілдеге арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Алматы, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, Атырау өңірінің батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді.

Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.