Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін зейнетақы тағы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді.
Бұл инфляция дәлізіне байланысты. Қазір ұлттық банк маусым айында инфляция 15% болатынын айтты. Сол себепті инфляция деңгейіне қараймыз, — деді Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында.
Министр биыл қаңтар айынан бастап елімізде базалық зейнетақы төлемі өскенін айтып өтті.
Базалық зейнетақысы аз болған азаматтардың төлемі 21%-ке артты. Орташа көлемде алатындардың зейнетақысы осыдан сәл төмен, ал жоғары зейнетақы алатындарда 8,5%-ке көтерілді, — деді Тамара Дүйсенова.
