Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылған болатын.