Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 447,5-450,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,06 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,32 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,23-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,2-5,34 теңгеден сатылып жатыр.
