Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447,40 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,32 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447–451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,5–449,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,21–5,45 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,27–5,37 теңгеден саудаланып жатыр.